Бүгін Қазақстанның үш қаласында ауаның лас болады

Бүгін Қазақстанның үш қаласында ауаның лас болады, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.06.2024 10:07 Сурет: freepik
Синоптиктер сенбі, 15 маусымда Қазақстанның үш қаласындағы ауада зиянды қоспалар жоғары болатынын ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz .

"Қазгидромет" мамандарының мәліметінше, Ақтөбе, Петропавл және Атырау (түнде) қалаларының тұрғындары мен қонақтарын қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіп тұр.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында ластаушы заттардың жиналуына ықпал ететін метеорологиялық факторлардың қысқа мерзімді ерекше жиынтығы.

Мұндай ауа райы кезінде:

  • көшеде, әсіресе, тасжолдардың бойында жүруді азайту керек;балалар мен жүкті әйелдер ұзақ уақыт серуендемегені жөн;
  • созылмалы өкпе, жүрек-қан тамырлары, аллергиямен ауыратын адамдар өздерімен бірге дәрі-дәрмегін алып жүруге тиіс;
  • таза ауадағы физикалық белсенділікті шектеңіз;дене шынықтыру және спорттық іс-шараларды жабық спорт кешендерінде өткізу керек.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: