Павлодарда өндірістік цех өртенді: 15 адам эвакуацияланды

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 15 маусымда сағат 00:08-де "101" пультіне Космонавтов көшесінде орналасқан "Литейное производство" ЖШС аумағында бір қабатты өндірістік цехтың аумағында өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оқиға орнына келіп жеткен өрт сөндіру бөлімшелері төбенің ағаш құрылыстары, төбе жабындысының жартылай қирағанын анықтады.
"Ғимараттың 800 шаршы метр алаңы зақымданды. Ғимараттың жалпы алаңы - 2 412,8 шаршы метр. Өрт кезінде 27 адам өз бетінше және өрт сөндірушілердің көмегімен 15 адам эвакуацияланды", - деп хабарлады ведомство.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript