Жаңалықтар тізбегі
0

Аптап ыстық, найзағай, бұршақ: синоптиктер 16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасады

Аптап ыстық, найзағай, бұршақ: синоптиктер 16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасады, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.06.2024 17:37 Сурет: freepik
"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 18 маусымда еліміздің 16 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жетісу облысының шығысында, орталығында, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қауіпі, шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Атырау облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыста 35-39 градус қатты ыстық. Облыстың батысында жоғары өрт қауіпі күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысып соғады, күндіз найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-37 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, орталықта жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады. 

Қызылорда облысында жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың орталығында, солтүстігінде күші 15-20 м/с күтіледі. Күндіз 40-41 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың солтүстік-батысында, шығысында жоғары өрт қауіпі, облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. 

Ақтөбе облысының шығысында, солтүстігінде, орталығында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-39 градус қатты ыстық күтіледі. 

Қостанай облысының батысында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының батысында солтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Күндіз найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде бұршақ, дауыл күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады. 

Абай облысының шығысында, орталығында қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Күндіз найзағай, облыстың шығысында, орталығында бұршақ, дауыл күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с. Облыстың орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сакталады. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қауіпі күтіледі. 

Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с күтіледі. 

Маңғыстау облысының орталығында найзағай күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың батысында жоғары өрт қауіпі сақталады. 

Солтүстік Қазақстан облысының шығысында найзағай күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. 

Павлодар облысының шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. 

Астанада кей уақыттарда найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстік-шығысында тұман күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, кей уақыттарда екпіні 23 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Алматы облысының оңтүстігінде, тау етегіндегі, таулы аудандарында кей уақытта найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-шығыс бағыттан оңтүстік-батыс бағытқа ауысады, найзағай кезінде екпіні 17-22 м/с. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі. Облыстың басым бөлігінде жоғары, облыстың орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Алматыда күннің екінші жартысында найзағай күтіледі, найзағай кезінде жел екпіні 17 м/с. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: