Семейде 21 жастағы қыз суға батып кете жаздады: видео

Семейде 21 жастағы қыз суға батып кете жаздады, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.06.2024 17:56 Сурет: ТЖМ ҚР
Абай облысында құтқарушылар 21 жастағы қызды аман алып қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға бүгін, 17 маусымда Семейде болған.

Құтқарушы Әмір Жұматай "Кіші шұңқыр" су қоймасында жабдықталмаған жерде шомылған 2003 жылы туған әйелді судан құтқарды.

Аман қалған әйел аяғы тартылып, өзін жайсыз сезініп, суға батып кете жаздағанын айтты.

"ТЖМ барлық азаматты суда жүріс-тұрыс ережелерін сақтауға шақырады. Бейтаныс және жабдықталмаған жерлерде шомылуға болмайды", - деп ескертті ведомство.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: