Автобус жүргізушілері енді медициналық тексеруден автоматтандырылған жүйе арқылы өте алады
Сурет: Көлік министрлігі
Автобус жүргізушілерін медициналық тексеруден өткізудің автоматтандырылған жүйесі іске қосылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Аталған жүйе қан қысымын, жүректің соғу жиілігін, температураны өлшеу үрдісін автоматтандыруға бағытталып, қоғамдық көлікті есірткілік немесе алкогольдік мас күйінде басқарудың алдын алады, деп хабарлады Көлік министрлігі.
Жүргізушілерге арналған кешенді рейс алдында және рейстен кейін медициналық тексеруден өткізумен айналысатын ұйым ұсынады.
Бүгінгі таңда жеке инвестициялар есебінен сатып алынған автоматтандырылған жүйе Павлодардағы №1 автобус паркінде істеп тұр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript