Жаңалықтар тізбегі
0

Оралда тасқын салдарынан кей жолдар жөнделмеуі мүмкін

Оралда тасқын салдарынан кей жолдар жөнделмеуі мүмкін, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.06.2024 17:17 Сурет: Zakon.kz
Оралда жергілікті бюджет қаражаты тасқын салдарын жоюға жұмсалып жатқандықтан, кейбір көше жолдары жөнделмей қалуы мүмкін, деп хабарлайды Zakon.kz.

Qazaqstan TV ақпаратына сүйенсек, қазір қолда бар қаржыға 50 көшені орташа жөндеу басталған. Биыл жоспар бойынша 120 шақырым жол тақтайдай тегістелмек. Мүлдем асфальт төселмей, көк шаңы шығып жатқан он шақты көшенің жолы да қайта салынбақ.

"121 шақырымның жалпы қажет қаржысы - 10 млрд 400 млн теңге. Бірақ қазір қолымызда тек 5 млрд теңге қаражат бар. Қалғаны жоқ. Су тасқынына байланысты қиыншылықтар бар. Шығындарын өтеу, басқа да жұмыстар бар. Оның барлығына қаржы қажеттілігіне орай, кейбір жобаларымыз жүзеге аспай қалуы мүмкін". Жандос Дүйсенғалиев, қала әкімінің орынбасары

Кей учаскелерде жолдың аптап ыстық пен саршұнақ аязға, ауыр жүк көлігінің салмағына төзімділігін арттыру үшін жаңа әдіс енгізілген. Ой-шұңқыры көп Тюленин көшесімен шетелден келетін жүк көліктері жүреді. Жаңбыр жауса, су жиналады. Осы бөлікке арық жүйесі салынып, әрі асфальтқа жаңа қоспа қосылған.

"Эксперимен жоба болады. 200 метрге полимер асфальт қосылады. Қазақстандық модификациялық полимерлік қоспа. Бұл асфальттың төзімділігін күшейтеді. Кольиность болмайды. Жарықшақтың алдын алады".Жарас Ахметов, құрылыс компаниясы директорының орынбасары

Бұған дейін Қарабаев бір жолдың жыл сайын жөндеуден өте беруінің себебін айтқан болатын.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: