Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда 22 қыркүйекте жөндеу жұмыстарына байланысты қай жолдар жабылады

Жол жөндеу жұмыстары, Алматы, 22 қыркүйек, қай жолдар жабық, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.09.2024 09:21 Сурет: Zakon.kz
22 қыркүйекте Алматыда кейбір жолдар жабық болады, деп хабарлайды Zakon.kz

22 қыркүйекте сағат 14:00-ге дейін Павлодар көшесіндегі №136 үйден бастап Мақатаевқа дейін қарама-қарсы қос беттегі көлік қозғалыстарына тыйым салынады. 

Қапшағай көпірінің жөнделуіне байланысты 22 қыркүйекте сағат 11:00-ге дейін Бұрындай көшесінен  "Самал" дүкеніне дейінгі жол учаскесі жабылады. Бұл арада батыс бағыттан облысқа қарай кері қозғалыс ұйымдастырылады. 22 қыркүйекте сағат 23:00-ден 24 қыркүйекте сағат 11:00-ге дейін шығыс бағыттан қалаға қарай кері қозғалыс ұйымдастырылады.

Абай даңғылын ұзартуға байланысты 29 қыркүйекте сағат 23:00-ге дейін Алатау даңғылынан Құрылыс көшесіне дейін жол жабық болады. Айналып өту жолдары оңтүстік бағытта - Құрылыс, Құндызды, Сәбденов, солтүстік бағытта - Құрылыс, Медеубеков, Бекешев көшелері арқылы ұйымдастырылады.

22 қыркүйекте сағат 07:00-ден 23 қыркүйек сағат 07:00-ге дейін Серкебаев даңғылы бойынша Есқараевтан Қожановқа дейінгі аралықта қарама-қарсы қос беттегі көлік қозғалыстарына тыйым салынады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: