Заңсыз ұстаған: Түркиядан Қазақстанға үш жасар қайтарылды
Сурет: unsplash
Қазақстан Республикасының 3 жасар азаматы Түркиядан туған анасына қайтарылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті ҚР азаматы 3 жасар қыздың өз анасына оралғаны туралы хабарлады. Баланы Түркия Республикасының аумағында үшінші тұлғалар заңсыз ұстаған.
"Кішкентай қызымыздың аман-есен оралуы үшін орасан зор жұмыс атқарылды. Барлық құзыретті органдар осы процеске тартылып, дипломатиялық арналар арқылы тиісті хаттар жіберілді. Сондай-ақ, көптеген кездесулер мен келіссөздер жүргізілді. Бұл барлық қатысушы тараптардың үйлесімді және кәсіби жұмысының арқасында мүмкін болды. Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын әрбір бала қорғаусыз қалмайды. Біз балалардың туған елінде қауіпсіз, әрі сүйіспеншілікке толы ортада өсіп-өркендеуі үшін бар күшімізді саламыз. Барша қатысушы тараптарға осы маңызды істегі қолдауы мен ынтымақтастығы үшін алғыс айтамыз". ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрайымы Насымжан Оспанова
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript