Алматы облысының Ават ауылындағы судың беті қайтты
Сурет: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі
Бүгін Еңбекшіқазақ ауданы Ават ауылының саяжай қоғамында бетонды колхозаралық суару каналының түйіскен жерінде жарықтар салдарынан тіректің топырағы шайылып, бір секция жойылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Салдарынан 4 аула аумағын су басты.
Шлюзді жауып, суды басқа арнаға бағыттау арқылы су беру тоқтатылды. Су басу қаупі жойылды.
Қазіргі уақытта Алматы облысы ТЖД күштерімен аула аумақтарынан су айдау жұмыстары жүргізілуде. Ықтимал залалды нақтылауға ЖАО комиссия құрылды.
Жөндеу және қалпына келтіру жұмыстары мен аула аумақтарынан су сору жұмыстары жүргізілуде.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript