Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстандағы жұмыс кестесі уақыт белдеуінің өзгеруіне байланысты өзгере ме

Қазақстандағы жұмыс кестесі уақыт белдеуінің өзгеруіне байланысты өзгере ме, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.06.2024 15:52 Сурет: pexels
Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова 25 маусымда Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында уақыт белдеуінің өзгеруіне байланысты қазақстандықтардың жұмысқа бір сағат бұрын шығуы үшін жұмыс кестесін өзгерту жоспарланып отыр ма деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz

Министр жұмыс беруші мен қызметкер арасында шарт жасалатынын, жұмыс кестесін екі тарап жасайтынын атап өтті.

"Сондықтан қыста қараңғыда жұмыс істемеу үшін жұмыс берушімен келісіп, жұмыс кестесін қайта қарастыра алады. Бұл күрделі мәселе емес", - деді Жақыпова.

Оның айтуынша, жеке және бюджеттік ұйымдарға тиісті ұсыныстар жіберілді.

"Біз ұсыныстар жібердік. Яғни, жұмыс бір сағат бұрын басталуы мүмкін. Іс жүзінде шарт екіжақты тәртіпте жасалады, ол Еңбек кодексінде және заңға сәйкес жазылған", – деп түйіндеді ол.

2024 жылдың 1 наурызында Қазақстан бойынша Бірыңғай уақыт белдеуі орнатылды. Бүкіл ел UTC + 5 уақыт белдеуінде өмір сүре бастады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: