Жаңалықтар тізбегі
0

"Алматы жазы" науқаны аясында қоқыс алаңдары зарарсыздандырылады

Зарарсыздандыру жұмыстары, Алматы, науқан, Алматы Жазы, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.07.2024 19:53 Сурет: Алматы қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі
"Алматы жазы" науқаны аясында қоқыс алаңдарын тазалау, жуу және зарарсыздандыру жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматыда күн сайын қала қаласынан 1300 тоннадан астам қатты тұрмыстық қалдықтар шығарылады. Қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару Алматы, Алатау ауданы, Алғабас шағын ауданы 7-көше, 134/12 учаскеде орналасқан "Green Reсycle" ЖШС қоқыс шығару кешенінде жүзеге асырылады.

Зарарсыздандыру жұмыстары, тазалық, Алматы, науқан, Алматы Жазы, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.07.2024 19:53

Сурет: Алматы қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы қаласының экологиялық менеджмент және қоршаған ортаны басқару департаментінің бас маманы Әлинұр Бәкенов атап өткендей, қалада бекітілген кестеге сәйкес жуумен және зарарсыздандырумен 171 бірлік арнайы техника айналысады.

"Алматы қаласында қоқыс шығаратын ұйымдар жеке сектордағы қатты тұрмыстық қалдықтарды ҚТҚ шығарудың бекітілген кестесіне сәйкес, аптасына бір рет шығарады. Көпқабатты үйлердегі қоқыс контейнерлері күн сайын, ал проблемалық аумақтарда күніне екі, кей жерде үш рет шығарылады", –  деді Әлинұр Бәкенов.

Тазалық жұмыстары, Алматы, зарарсыздандыру, Алматы Жазы, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.07.2024 19:53

Сурет: Алматы қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі

Зарарсыздандыру және жуумен қоса, жұмысшылар сынған контейнерлерді жөндеп, қоқыс алаңдарын ретке келтіреді.

Қоқыс алаңы, тазалық, Алматы, зарарсыздандыру жұмыстары, Алматы Жазы, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.07.2024 19:53

Сурет: Алматы қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі

"Алматы жазы" науқаны басталғалы қоқыс шығару ұйымдары 300 контейнер мен 60 контейнерлік орынды жуу, зарарсыздандыру және декатизациялау жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ, 150 контейнер жөнделіп, боялды.

Қазір қала аумағында ҚТҚ жинау мен шығару жұмыстары толықтай жолға қойылған. Қалдық шығару қызметін 21 қоқыс шығару ұйымы ұсынады.

"Алматы жазы" іс-шарасы аясында 1 454 контейнерлік алаң санитарлық өңдеуден өтеді, 700 контейнер жуылып, зарарсыздандырылады, сондай-ақ 24 747 көше мен ауладағы қоқыс жәшіктерін тазалау көзделген.

Қоқыс алаңы, тазалық, Алматы, зарарсыздандыру жұмыстары, Алматы Жазы, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.07.2024 19:53

Сурет: Алматы қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі

Естеріңізге сала кетейік, "Алматы жазы" акциясы "Таза Қазақстан" жалпы республикалық науқанын іске асыру аясында басталды және осы жылдың 6 шілдесіне дейін созылатын "Алматы – біздің ортақ үйіміз" науқанының жалғасы болып табылады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: