15 шілдеден бастап қазақстандықтар мемлекеттен шамамен 1,5 млн теңге ала алады
Сурет: Zakon.kz
2024 жылғы 15 шілдеде бизнес-идеяларды іске асыру үшін гранттар алуға екінші ағын бойынша өтінімдерді қабылдау басталады. Грант мөлшері – 400 АЕК (1 476 800 теңге), деп хабарлайды Zakon.kz.
Бастапқы капитал өз ісін бастау және дамыту үшін қайтарымсыз негізде беріледі.
Қарағанды облысы әкімдігі хабарлағандай, екінші ағынға өтінімдерді қабылдау 15-26 шілде аралығында өтеді.
Өтініш беру үшін сізге:
- порталда тіркелу;
- грант алу шарттарына сәйкестігін тексеруден өту;
- бизнес-жоспар шаблонын жүктеп алу, оны толтыру және порталға жүктеу;
- өтініш нысанын толтырып, ЭЦҚ кілтімен қол қою қажет.
Интернетке немесе компьютерге қол жетімділік болмаған жағдайда, мансап орталықтарының өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтарында, Халыққа қызмет көрсету орталықтарында өтініш беруге болады.
Бизнес грантына кім ие бола алады:
- тіркелген жұмыссыздар;
- жеке кәсіпкерлер (тіркеу мерзімі 3 жылға дейін).
Бұл ретте үміткер әлеуметтік санаттардың біріне жатуға тиіс:
- мүгедектігі бар адамдар;
- "қандас" мәртебесі бар тұлғалар;
- өңіраралық қоныс аударушылар;
- аз қамтылған отбасы мүшелері;
- көп балалы отбасының мүшесі (жұбайы/зайыбы);
- мүгедек баланы тәрбиелеп отырған адам (жұбайы/зайыбы);
- асыраушысынан айрылу бойынша жәрдемақы алушылар.
3 жылдан аспайтын мерзіммен "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту туралы сертификаттың болуы міндетті.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript