Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы зообағы пілдердің аптап ыстықтан қалай сақтанып жатқанын көрсетті

Алматы зообағы пілдердің аптап ыстықтан қалай сақтанып жатқанын көрсетті, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.07.2024 17:45 Сурет: Instagram/almatyzoo
Алматы хайуанаттар бағының әкімшілігі пілдердің аптап ыстықтан қалай сақтанып жатқаны көрсетілген видеоны жариялады. Мамандар пілдердің су процедураларын жақсы көретінін айтып отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Видео бүгін, 2 шілдеде хайуанаттар бағының Instagram парақшасында жарияланды.

"Ыстық күндері салқын сумен сергігеннен артық ештеңе жоқ! Біздің пілдер мұны жақсы біледі.Киперлер оларды шлангпен үнемі суарады, бұл оларға жазғы ыстықтан құтылуға көмектесіп қана қоймай, жағымды гигиеналық процедура болып табылады", - делінген жазбада.

Сонымен қатар мұндай су процедуралары күтуші мен оның қамқорлығындағы пілдердің арасындағы достықты нығайтады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: