Жаңалықтар тізбегі
0

Жамбыл облысында 500-ге жуық қой суға кетті

Жамбыл облысы, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.07.2024 22:16 Сурет: видео скрині
Жамбыл облысы Шу ауданында толассыз жауған жаңбырдың соңы селге ұласып, 500-ге жуық қой суға ағып кетті. Малымен бірге салы суға кеткен шаруашылық жетекшісі отардағы 485 қойдың жайылымда жайрап жатқанын айтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

30 маусымда Шу аудынындағы Ақтасты елдімекенінің маңындағы таулы аймақта нөсер суы жылғаларға жиналып, сай-саламен екпіндей аққан. Қызыл су жолындағы шаруашылықтың қорасын қиратып, қойларын ағызып әкетіпті, деп хабарлады КТК телеарнасы.

Жергілікті әкімдік арнайы комиссия құрып, шығынды есептеп жатыр. Жайылымды аралап, екі жүзге жуық қой өлексесін тапқан. Енді тілсіз жаудан жапа шегіп, шаш-етектен шығынға батқан шаруаға өтемақы төленбек.

"485 бас мал шығыны болды деп өзі айтып отыр. Бірақ біз ауданның ветеринария қызметі және ауыл жастарымен өлген малдың өлексесін санағанда, 192 бас табылды. Бүгін тағы мал іздестірір жатырмыз. Малдың бәрін тапқаннан кейін, оның базадағымен салыстырып, қанша шығын шеккені туралы комиссия құрылып, жұмыс жалғаса береді".  Шу ауданы әкімінің орынбасары Бақыт Бетбаев 
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: