Қазақстандық оқушылар географиядан EGeO олимпиадасында алты медаль жеңіп алды

Қазақстандық оқушылар географиядан EGeO олимпиадасында алты медаль жеңіп алды, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.07.2024 17:19 Сурет: Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі
Сербияның Белград қаласында EGeO географиядан Еуропалық олимпиадада Қазақстан құрамасы алты медаль жеңіп алып, тамаша нәтиже көрсетті. Команда 100% көрсеткішке жетті, бұл біздің оқушылардың дайындығының жоғары деңгейін көрсетеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кұрама команда нәтижесі:

  • Сыдыков Арсен — Шымкент қаласы ХМБ НЗМ 11-сынып оқушысы;
  • Енбахтов Андрей — Қостанай қаласындағы ФМБ НЗМ 9-сынып оқушысы;
  • Болат Ақжол — Талдықорған қаласындағы ФМБ НЗМ 11-сынып оқушысы;
  • Серікбай Қанат — Шымкент қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы;
  • Дарынов Амир — Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған "Білім-Инновация" лицейінің 9-сынып оқушысы;
  • Сабыр Жомарт —Жамбыл облысының дарынды балаларға арналған мамандандырылған "Дарын" лицей-интернатының 11-сынып оқушысы.
  • Команда жетекшісі — Абай Дүйсен —республикалық және халықаралық олимпиадалар жеңімпазы.

Географиядан Еуропалық олимпиада EGeO 2015 жылдан бері өткізіліп келеді.

2023 жылы еліміздің жас географтары 6 медаль жеңіп алды, оның ішінде 1 алтын, 2 күміс және 3 қола жүлде болған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: