Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанның басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Қазақстанның басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жасалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.07.2024 21:13 Сурет: Zakon.kz/Анастасия Московчук
Синоптиктер ертең, 4 шілдеде Қазақстанның басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астанада кей уақыттарда найзағай күтіледі.

Батыс Қазақстан облысында 35-38 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың солтүстік-батысында, солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Орал қ.: 04 шілде күндіз 35-37 градус қатты ыстық сақталады. Жоғары өрт қауіпі сақталады.

Атырау облысында солтүстік-шығыстан оңтүстік-шығысқа ауысып жел соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-39 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың батысында, шығысында жоғарғы өрт қауіпі сақталады. Атырау облысының оңтүстігінде 40-42 градус өте қатты ыстық күтіледі.

Павлодар облысының солтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде облыстың батысында, оңтүстігінде, күндіз басым бөлігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде күндіз 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады. Павлодар қ.: 04 шілде таңертең және күндіз найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші күндіз 15-20 м/с. Жоғары өрт қауіпі сақталады.

Абай облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Найзағай. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23 м/с. Облыстың солтүстік-батысында, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады. Семей қ.: 04 шілдеде найзағай, бұршақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр бұршақ, дауыл күтіледі. Найзағай. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, күндіз екпіні 23 м/с. Өскемен қ.: 04 шілдеде найзағай, бұршақ күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, екпіні 15-20 м/с.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде кей уақытта қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл. Найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүтіктен жел соғады, күндіз облыстың батысында, орталығында екпіні 15-20 м/с. Қарағанды қ.: 04 шілдеде найзағай күтіледі.

Ұлытау облысының шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Жезқазған қ.: 04 шілдеде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде 36 градус қатты ыстық күтіледі.

Ақмола облысының шығыс жартысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Түркістан облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, батысында, солтүстігінде, таулы аудандарында таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с. қ. Түркістан: 04 шілдеде солтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с

Маңғыстау облысының басым бөлігінде 34-39 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі күтіледі.

Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман күтіледі. Қостанай қ.: 04 шілдеде күндіз найзағай күтіледі.

Қызылорда облысында жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың орталығында 15-20 м/с күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының шығысында найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с.

Жамбыл облысының таулы аудандарында, тәулік бойы 05 шілдеде облыстың оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарда найзағай күтіледі. 04-05 шілдеде солтүстік-батыстан жел соғады, 04 шілдеде облыстың таулы аудандарында, 05 шілдеде облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.

Жетісу облысының шығысында, орталығында, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, облыстың шығысында, орталығында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: