Жаңалықтар тізбегі
0

Майгелдинов: Қазақстанда 400 мыңға жуық азамат – букмекерлік кеңселер мен казинолардың тұрақты клиенті

казино, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.07.2024 15:47 Сурет: pixabay
Саясаттанушы, ҚР Президенті жанындағы Ұлттық құрылтай мүшесі, ҚР Мәжілісі Қоғамдық палата мүшесі Қазбек Майгелдинов бүгін Мемлекет басшысы қол қойған ойын бизнесі, лотерея қызметі туралы заңға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Періште алтын көрсе, жолдан таяды" демекші, лудоманияның құрбанына айналғандар саны елімізде жыл сайын артып келеді. Ойын құмарлық - қазір ғасыр дерті. Тіпті, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы "лудоманияны" құмар ойындарға патологиялық әуестігі бар адамдардың дерті деп ресми түрде мойындаған. Қазақстанда 400 мыңға жуық азамат – букмекерлік кеңселер мен казинолардың тұрақты клиенті болып отыр. 2019 жылмен салыстырғанда 2023 жылы құмар ойындар мен бәс тігу 40 есе артқан. Жеңіл ақша табуды көздеп, отбасы мен жұмысын тастап букмекерлік кеңселерді жағалап жүрген талай азаматтың тағдыры күл талқан болды. ", - деп жазды ол.

Саясаттанушы құмар ойынға құныққандардың көбі тығырықтан шығар жол таппай, ақыры суицид жасайтынына назар аударды.

"Соңғы жылдары осындай оқиғаларды жиі еститін болдық. Мысалы, осыдан екі жыл бұрын блогер Мұрат Бірмағамбетов 7-қабаттың балконынан секіріп, қайтыс болған еді. Кейін әлеуметтік желіде Мұраттың әйеліне жіберген соңғы хабарламасы жарияланып, онда ер адамның ұзақ жылдар бойы құмар ойынына тәуелді болғаны айтылған. Марқұммен бірге жарнамалық жобаларға қатысқан таныстарының айтуынша, блогер расымен құмар ойындарға әуес болған екен. Бұндай оқиғалар жетіп артылады. Әсіресе ауылдан келген жастар лудоманияның бірден құрбанына айналып шыға келеді", - деп жазды ол.

Қазбек Майгелдиновтің пайымдауынша, жаңадан қабылдаған заңның арқасында блогерлердің, танымал тұлғалардың әлеуметтік желілерде букмекерлік кеңселерді насихаттауы шектеледі.

"Осы ретте қоғамдық дертті ауыздықтау үшін бүгін Мемлекет басшысы ойын бизнесіне қатысты заңға қол қойды. Енді жаңа құжатқа сәйкес букмекерлік кеңселер мен казинолардың жарнамасына шектеу енгізілмек. Заңда жарнаманы үйлердің қасбеттерінде, фасадтарында, ғимараттарда, құрылыстардың қоршауларында, көлік құралдарында орналастыруға тыйым салынып отыр. Сол секілді интернет-ресурстарда, ресми сайттарда, телеарналар мен радиода, мерзімді баспа басылымдарда, фильмдерде, SMS хабарлама арқылы жарнамалауға да тосқауыл қойылмақ. Бұдан бөлек, блогерлердің, танымал тұлғалардың әлеуметтік желілерде букмекерлік кеңселерді насихаттауы шектеледі. Жарнамаға шектеу қою лудоманияға қызығушылық танытуға оң ықпал етеді. Өйткені, көбі бәс тігуді алғаш рет жалт еткен жарнамаға қызығып бастайды. Кейін қызығушылықтан туған әрекет үйреншікті іске айналып кетеді.Аталған заңның басты ерекшелігі - 21 жасқа толмағандардың құмар ойындарға және бәс тігуге қатысуы шектеледі. Егер оларға заңсыз ойын ойнауға мүмкіндік бергендер анықталатын болса, қомақты көлемде айыппұл салынады. Мысалы, үш жүз бен бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл көзделген. Ал заң бұзу фактісін бір жыл ішінде қайталаған ұйым лицензиясынан біржола айырылады.Сонымен қатар, жаңа құжат бойынша борышкерлердің біріңғай реестріне енген тұлғалардың құмар ойын мен бәс тігуіне толықтай тыйым салынады.Елімізде құмар ойынмен күресу үшін құқықтық тұрғыда қадамдар жасалып жатыр. Президент қол ойған заң жобасы лудомандардың жолын кесіп, талай тағдырды, ұйыған отбасын сан түрлі кеселден арашалап қалатыны сөзсіз", - деді Қазбек Майгелдинов.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: