Бектенов жол жөндеу жұмыстары жайлы: Сапасыз жолдар үшін мердігерлерге миллиардтаған қаражат аударылады
Сурет: Zakon.kz/Елисеева Екатерина
"Жол активтері сапасының ұлттық орталығы" РМК бас директоры Болатбек Айтбаев 9 шілдеде ҚР Үкіметінің отырысында жолдарды пайдалануға беру кезінде нормативтердің неге сақталмайтындығына жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Премьер-министр Олжас Бектенов неліктен шикіліктерді көріп тұрып жолдарды пайдалануға беру туралы актілерге қол қойылатынын сұрады.
"Не кедергі? Енді осы ескертулердің барлығы жойылу үшін, сіздерге қандай шешім қабылдауымыз керек. Сапасыз жолдар үшін мердігерлерге миллиардтаған ақша аударасыздар, - деді ҚР Министрлер кабинетінің басшысы.
Болатбек Айтбаевтың айтуынша, нормативтік түзетулерді өзгерту бойынша шаралар қабылданып үлгерді және облыстардың нормативтерді қатаң сақтауы қажет.
Бұған дейін Көлік министрлігінің басшысы биыл Қазақстанда қандай жолдар пайдалануға берілетінін айтқан болатын.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript