Жаңалықтар тізбегі
0

Көлік министрі биыл Қазақстанда қандай жолдар пайдалануға берілетінін айтты

Көлік министрі биыл Қазақстанда қандай жолдар пайдалануға берілетінін айтты , сурет - Zakon.kz жаңалық 09.07.2024 14:01 Сурет: Қазақстан Премьер-Министрінің баспасөз қызметі
9 шілдеде ҚР Премьер-Министрі төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Көлік министрі Марат Қарабаев биыл Қазақстанда қандай жолдар пайдалануға берілетінін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Марат Қарабаев ағымдағы жылы жол жөндеу және құрылыс жұмыстары 12 мың шақырымды қамтитынын айтты.

"Биыл жол жөндеу және құрылыс жұмыстары 12 мың шақырымды қамтиды. Бұл – бұрын соңды болмаған рекордтық көрсеткіш. Жөнделетін жолдардың 8 мың шақырымы – республикалық, 4 мың шақырымы – жергілікті желіге тиесілі", — деді көлік министрі Марат Қарабаев.

Ұзындығы 879 шақырым болатын "Қарағанды – Алматы" жолының 400 шақырымында асфальт төсеу толықтай аяқталды, қалған учаскелерінде жұмыстар жалғасуда.

"Шілде айында аталған жолдың 83 шақырымы уақытынан бұрын пайдалануға беріледі",- деп нақтылады министр.

Ал, жалпы ұзындығы 768 шақырымды құрайтын "Талдықорған – Өскемен" автожолының 751 шақырымында асфальттың төменгі қабаты, ал үстіңгі қабаттың 391 шақырымы төселген.

"Шілде айында Жетісу облысында ұзындығы 91 шақырым болатын 2 учаске пайдануға беріледі. Жоба бойынша жұмыстардың қалған көлемі Абай облысы Аягөз қаласының айналмалы жолында жүргізілуде".Марат Қарабаев

Сондай-ақ ұзындығы 368 шақырым болатын "Атырау – Астрахань" және "Ақтөбе – Қандыағаш" жобалары іске асырылуда.

"Бүгінгі күні 60 шақырымы пайдалануға берілді, 102 шақырымында асфальт төсеу жұмыстары толық аяқталды, 206 шақырымында асфальттың төменгі қабаты төселуде",-деп толықтырды Қарабаев.

Жалпы осы жылдың соңына дейін бұл нысандар толығымен іске қосылатын болады.

Бұдан өзге биыл автожол саласында бірнеше маңызды жобаны аяқтау көзделген:

  • Түркістан облысы Шақпақ баба асуындағы Қазақстандағы ең ұзын автомобиль тоннелі (840 м) тамыз айында пайдалануға беріледі. Тоннелдің ашылуы қыс мезгілінде жүргізушілерге кедергісіз жүруге мүмкіндік береді.
  • Алматы агломерациясы үшін транзиттік маңызы зор, ұзындығы 6 шақырымды құрайтын Шамалған стансасындағы автомобиль жол айрығы қыркүйек айында іске қосылады.
  • Еліміздің орталық және солтүстік өңірлерін "Батыс Қытай – Батыс Еуропа" дәлізімен байланыстыратын 262 шақырымдық "Мерке – Бурылбайтал" автожолы пайдалануға беріледі.
  • Шығыс Қазақстандағы Бұқтырма су қоймасы арқылы салынып жатқан 1,3 мың метрлік көпірдің құрылысын да осы жылы аяқтау жоспарланған. Жаз мезгілінде паром арқылы, қыс мезгілінде мұздың үстімен жүретін тұрғындар үшін көпірдің ашылуы қауіпсіз жол қозғалысын қамтамасыз етеді.
  • Батыс Қазақстанның шалғайындағы Бөкей Ордасы туристік аймағын дамыту мақсатында ұзындығы 245 шақырым болатын "Казталовка – Жәнібек" және "Өнеге – Бисен – Сайқын" автомобиль жолдарының күрделі жөндеу жұмыстары да осы жылдың соңына дейін толықтай аяқталатын болады.

29 мамырда Қарабаев неліктен бір жолға жыл сайын жөндеу жұмыстары жүргізілетінін айтты.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: