ҰОК Головкиннің жалақасына қатысты тараған ақпаратқа түсінік берді

Геннадий Головкин, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.07.2024 12:22 Сурет: instagram.com/gggboxing
Әлеуметтік желіде Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитеті президентінің жалақысына қатысты ақпарат тарады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан ҰОК бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын ресми түрде мәлімдеді.

Комитеттің хабарлауынша, Геннадий Головкин президенттік қызметті ерікті негізінде атқарады.

"Оның қызметіне ақша төленбейді. Оның мотивациясының қаражатқа да, саяси мансапқа да қатысы жоқ". Ұлттық Олимпиада комитеті

Сонымен бірге мәлімдемеде ең алдымен оның жұмысы қазақстандық спортқа қолдау көрсетуге, сондай-ақ, Қазақстан ҰОК-тің халықаралық спорттық қоғамдастық алдындағы беделін нығайтуға бағытталғаны жазылған.

"Өз қызметіне кіріскен бойда Геннадий Головкин ҰОК-тің мемлекеттік бюджет ақшасына үміттенбейтінін ашық айтқан. Ұйымның қызметі Г. Головкиннің қатысуымен тартылған демеушілер қаражаты есебінен жүзеге асуда. Жалған ақпарат таратушылар ҚР заңына сәйкес жауапқа тартылатынын, нақтылап айтар болсақ, ҚР ҚК 274 бабына сай қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын естеріңізге саламыз", - делінген хабарламада.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: