Жаңалықтар тізбегі
0

Әділет министрлігі Қазақстан бойынша кәсіби қызметпен айналысуға аттестаттауды өткізетін болады

Әділет министрлігі Қазақстан бойынша кәсіби қызметпен айналысуға аттестаттауды өткізетін болады, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.07.2024 12:10 Сурет: pexels
Әділет министрлігі мен "ҚР Әділет Министрлігінің кәсіби қызметпен айналысу және автоматтандырылған режимде біліктілік беру құқығына үміткер адамды аттестаттаудан өткізу бойынша Мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру туралы"ЦДИАӨМ бірлескен бұйрығына қол қойылды.

2024 жылғы 31 желтоқсанға дейін Қазақстан Республикасының бүкіл облыстарында, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің келесі мемлекеттік қызметтерін тестілеу рәсімдерін және мемлекеттік қызмет персоналы жөніндегі автоматтандырылған бірыңғай дерекқордың (ақпараттық жүйенің) үздіксіз жұмыс істеуін техникалық қамтамасыз ету жөніндегі оператордың базасында автоматтандырылған режимде көрсету бойынша пилоттық жоба іске қосылсын:

  • "Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу";
  • "Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу";
  • "Жеке сот орындаушысының қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу";
  • "Сот сарапшыларын аттестаттау";
  • "Сот-медициналық, сот-психиатриялық, сот-наркологиялық сарапшыларды аттестаттау";
  • "Патенттік сенім білдірілген өкілдің қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттау"
  • "Сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптамалардың белгілі бір түрін жүргізу құқығына біліктілік беру";
  • "Сот сарапшысының біліктілігін беру".

Сондай-ақ, пилоттық жобаны іске асыру тәртібі әзірленді.

ӘД құжаттар түскен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде оларды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады. Көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік көрсетілетін қызметке өтініштің қабылданғаны туралы мәртебе портал арқылы жіберіледі.

ӘД құжаттар тіркелген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді, ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда өтінішті қабылдаудан бас тартуды дайындайды.

Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда департамент құжаттарды біліктілік талаптарына және адвокаттық қызметті жүзеге асыру үшін олардың сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесіне сәйкестігін тексереді.

Көрсетілетін қызметті алушының аттестаттауға жіберу туралы құжаттарын ӘД құжаттар тіркелген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарайды.

Содан кейін Әділет департаменті аттестаттауға жіберу туралы шешім қабылданған сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде тестілеу операторына аттестаттауға жіберілген адамдардың тізімін жібереді.

Аттестаттау Тестілеу операторының техникалық жабдықталған тестілеу залдарында өткізіледі.

Аттестаттау екі кезеңнен тұрады:

  • Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған кешенді компьютерлік тестілеу (адвокаттық қызмет бойынша – 100 сұрақ:
  • практикалық дағдылардың тиісті деңгейін тексеруге арналған компьютерлік тестілеу (3 ситуациялық жағдай бойынша 12 сұрақ).

Үміткерлердің Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын білуін тексеруге арналған сұрақтардың жауабының біреуі дұрыс болған кемінде төрт нұсқасы болады.


Практикалық дағдылардың тиісті деңгейін тексеруге арналған сұрақтарда бір дұрыс жауаппен кемінде үш нұсқасы қамтылады.

Аттестаттау сұрақтары мен олардың жауаптары ашық байланыс түрлерінің техникалық арналары (телефон, жалпы қолданыстағы факсимильді байланыс, радиобайланыс, спутниктік және ұялы (жылжымалы (мобильді) байланыс, Интернет желісі) арқылы беруге жол берілмейді.

Егер дұрыс жауаптар саны ұсынылған сұрақтардың жалпы санының 70 % (жетпіс) және одан астамын құраса, көрсетілетін қызметті алушы заңнаманы білуге арналған кешенді компьютерлік тестілеуден өткен болып есептеледі және практикалық дағдылардың тиісті деңгейін тексеруге компьютерлік тестілеудің екінші кезеңіне жіберіледі.

Егер дұрыс жауаптар саны ұсынылған сұрақтардың жалпы санының 65 % (алпыс бес) және одан астамын құраса, көрсетілетін қызметті алушы практикалық дағдылардың тиісті деңгейін тексеруге компьютерлік тестілеуден өткен болып есептеледі.

Көрсетілетін қызметті алушы аттестаттаудың екі кезеңінен оң нәтижемен өткен кезде аттестаттаудан өткен болып есептеледі.

Тестілеуде белгіленген мәндерден төмен нәтиже алған кандидаттарға қайта тестілеуге алдыңғы тестілеу өткізілген күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кем емес мерзімнен кейін жол беріледі.

Аттестаттау туралы шешім ол шығарылған күннен бастап үш жыл ішінде жарамды болып табылады.

Бұйрық 2024 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: