17 шілде күні телерадио хабарлар таратылмайды
Сурет: pxhere
2024 жылдың 17 шілдесінде сағат 03:00 мен 17:00 аралығында теледидар мен радиолар уақытша өшіріледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы "Қазтелерадио" АҚ мәлімдеді.
"Телерадио хабарларын таратудың үздіксіз әрі сапалы болуын қамтамасыз ету мақсатында тоқсан сайын жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистерді жаба отырып, "Қазтелерадио" АҚ жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізеді".
Ведомство уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript