Алматыда куәлігінен айырылған жүргізуші әйелді қағып өлтірді

Алматыда куәлігінен айырылған жүргізуші әйелді қағып өлтірді, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.07.2024 22:58 Сурет: Zakon.kz
Алматыда 15 шілдеде жол апатынан бір адам қаза тапты. Куәлігінен айырылған жүргізуші әйелді қағып кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға Қабдолов көшесінде, Grand Park сауда орталығына қарама-қарсы жерде болған.

Сурет: Zakon.kz

Chevrolet Cobalt жүргізушісі жол қиылысынан тура 50 метр жерде әйелді қағып кетті. Соққыдан әйел қарсы келе жатқан көлікке соғылып, оны қайтадан Daewoo Nexia көлігі қағып кеткен.

Сурет: Zakon.kz

Оқиға салдарынан әйел алған жарақаттарынан жедел жәрдем келгенше сол жерде көз жұмды.

Сурет: Zakon.kz

Қазір шамамен 35-40 жас шамасындағы әйелдің кім екені анықталып жатыр. Оқиға орнында жол полициясының қызметкерлері мен тергеуші жұмыс істеп жатыр. Олар оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Сурет: Zakon.kz

Сондай-ақ Chevrolet Cobalt жүргізушісі де жүргізуші куәлігінен айырылғаны белгілі болды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: