Жаңалықтар тізбегі
0

Павлодар облысында 150-ден астам жүк көлігі заңсыз тіркелген

Павлодар облысында 150-ден астам жүк көлігі заңсыз тіркелген, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.07.2024 09:48 Сурет: Zakon.kz
Қаржылық мониторинг агенттігі материалдық пайда алу мақсатында алыс шетелдерден көлік құралдарын заңсыз бастапқы тіркеуді жүзеге асырған адамдар тобын анықтады.

Бұл тұлғалар 2021 жылдың маусым-тамыз айлары аралығында жүйелі негізде материалдық сыйақы үшін Павлодар облысында 150-ден астам жүк көліктерін бастапқы тіркеуге заңсыз қоюды жүзеге асырғаны анықталды.

Олар алғашқы тіркеу үшін алым төленгені туралы жалған түбіртектерді пайдаланып, ақпараттық жүйеге көрінеу жалған мәлімет енгізген. Бұл жайт бастапқы тіркеу үшін төлеуден жалтарып, мемлекетке жалпы сомасы 1,5 млрд теңгеден астам залалға әкеп соқтырды.

Соттың санкциясымен барлық заңсыз тіркелген көлік құралдарына тыйым салынды, күдіктілерге қатысты "қамауда ұстау" және "үй қамаққа алу" түріндегі бұлтартпау шаралары таңдалды.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге де ақпарат жариялауға жатпайды.

ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі.

Егер сіз өкілеттіктерді теріс пайдалану, қаражатты жымқыру немесе басқа да экономикалық құқық бұзушылықтар фактілері жайлы білсеңіз, "АФМ Insider" телеграм ботына хабарлауыңызды сұраймыз.

Анонимділікке кепілдік беріледі.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: