"НЛО көрдім" - әлеуметтік желіде дронды көре сала, үрейі ұша, жүгіре жөнелген баланың бейнесі тарап кетті

"НЛО көрдім" -  әлеуметтік желіде дронды көре сала, үрейі ұша, жүгіре жөнелген баланың бейнесі тарап кетті, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.07.2024 15:35 Сурет: pixabay
Әлеуметтік желі қолданушылары баланың оны түсіріп жатқан дроннан қорқып қашып бара жатқан бейнежазбасын көріп риза болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Instagram-да "Ирина Кайратовна" тобының хит әніне түсірілген күлкілі бейне пайда болды. Кадрларда кішкентай бала аспанда ұшып жүрген дронды байқап, жүгіре жөнеледі. Жол бойы артына ауық-ауық қарап, дрон қалып қойды ма деген үмітін байқауға болады. Үйге жеткенде, енді қауіп жоқ екенін сезінген, үрейі ұшқаның баланың бет-жүзі анық көрінеді.

Оқырмандар бірден жазбаға күлкілі пікірлер қалдырған:

  • Біздің балдар таспен ұрып құлатады
  • Фильм көргендей болдым ғой
  • Дәу қара ара дызылдап қуды дейтін шығар

Айта кетейік, 6 шілдеден бастап ел азаматтары Астанадан Миланға тікелей ұшып бара алады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: