Жаңалықтар тізбегі
0

Киіз үй ішіндегі біртүрлі би. Бишіге қатысты қылмыстық іс қозғалды

Қылмыстық іс қозғалды, киіз үй, би, видео, депутаттық сауал, Бас прокуратура, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.07.2024 09:43 Сурет: polisia.kz
Киіз үй ішінде түсірілген даулы видеодағы бишілердің біріне қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы прокуратура мен ҰҚК-дан даулы видео авторларын тауып, жазалауды талап еткен Мәжіліс депутаты Самат Мұсабаевқа Бас прокуратураның берген жауабында нақты көрсетілген. 

"Бас прокуратура 2024 жылғы 19 маусымда жарияланған депутаттық сауалды қарап, келесіні хабарлайды. Депутаттық сауалда көрсетілген бейнеролик Алматы облысының Қарасай ауданында түсірілгені анықталды. Аталған факті бойынша 2024 жылғы 1 шілдеде Қарасай ауданының полиция басқармасы ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабының 1-бөлігімен (əлеуметтiк, ұлттық, рулық, нəсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру) сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады", делінген Бас прокурор Берік Асыловтың жаубында.

Сондай-ақ бүгіндері қылмыстық іс шеңберінде тиісті сараптама тағайындалғаны, орын алған жағдайдың мəн-жайларын анықтауға бағытталған тергеп-тексеру əрекеттері жүргізіліп жатқаны да нақтыланады. Олардың нəтижелері бойынша құқықтық баға беріліп, қылмыстық іске қатысты процестік шешім қабылданатын болады.

Сонымен қатар ҰҚК тек бір бейнеролик негізінде оның авторларының ниетінің шынайы бағытын сенімді түрде анықтау мүмкін болмағандықтан, қылмыстық заңның көрсетілген нормасы бойынша объективті құқықтық баға беру мүмкін емес екенін жеткізеді.

"Қылмыстық кодекстің 174-бабының көрсетілген ерекшелігіне және қылмыстық істердің осы санаты бойынша қалыптасқан сот-тергеу тәжірибесіне байланысты саясаттанушыларды тарта отырып, сот психологиялық-филологиялық сараптама жүргізу (маманның зерттеуі) белгілі бір тұжырымдар жасауға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта бұл жұмысты Алматы облысының ПД жүргізуде", делінген ведомство жауабында.

Айта кетсек, 19 шілдеде Мәжілістің жалпы отырысында депутат Самат Мұсабаев киіз үй ішіндегі биді "барып тұрған сайқымазақтық әрі арандатушылық" деп атады. 

18 маусымда Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева да аталған видеоға қатысты пікір білдірген болатын. Министр медиа-процессте жүрген барша адамдарды контент жасауда мұқият болуға шақырды.


 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: