Шымкентте экстремистік ұйым анықталды

Заң бұзған адам жауапқа тартылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.07.2024 15:33 Сурет: Zakon.kz
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті қала прокуратурасының үйлестіруімен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында құрамында 22 тұлғадан тұратын "Хизб-ут-Тахрир" радикал-экстремистік ұйымын анықтады.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ағымдағы жылдың "Рамазан" айында "ауызашар" өткізу сылтауымен радикалды экстремистік ұйымның жергілікті жақтастарының санын көбейту және үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу үшін діни жиындар өткізгені анықталды.

Тінту барысыда Қазақстан Республикасында тыйым салынған 7 діни кітап, діни мазмұндағы 10-нан астам қолжазба және мәтіндік парақшалар, 6 ұялы телефон мен 4 ноутбук тәркіленді.

"Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 256-бабынының 1-бөлігімен және ҚР ҚК-нің 259-бабының 1-бөлігімен тергеп-тексеру амалдары басталды." Шымкент қаласының прокуратурасы

Осыған байланысты Шымкент қаласының прокуратурасы елдің конституциялық құрылысын бұзу мақсатында радикалды экстремистік ұйымдарға кіруге үгіт-насихат немесе шақыру үшін қылмыстық жауаптылық қарастырылғанын ескертеді.

ҚР ҚПК-нің 201-бабының талаптарына сәйкес басқа ақпарат жариялануға жатпайды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: