Алматыда 100 теңге, Шымкентте 70 теңге: қалалық автобустарда жол жүру құны қанша
2024 жылғы маусым айының деректеріне сүйенсек, қалалық автобуста жол жүрудің жиі таралған жолақысы 80 теңге, мұндай төлем мөлшері Ақтөбе, Атырау, Жезқазған, Қонаев, Семей және Талдықорған қалаларында белгіленген.
Ал, ең аз жол жүру ақысы Шымкент, Ақтау және Түркістан қалаларында – 70 теңге.
Алматы, Көкшетау, Қарағанды, Қостанай, Орал, Павлодар және Петропавл қалаларының тұрғындары қоғамдық көлікте жүргенде 100 теңгеден төлейді.
Сурет: stat.gov.kz
"Айта кетейік, Ақтау, Қонаев және Түркістан қалаларынан басқа елдімекендерде көлік картасы немесе QR арқылы төленетін мөлшер көрсетілген",- делінген хабарламада.
19 шілдеде Алматы мәслихатының депутаттары қаланың қоғамдық көлігінде жол жүруге қатысты 120 теңгеге жаңа тарифті мақұлдағаны хабарланған болатын.