Алматыда тағы бір көше уақытша ішінара жабылады
Сурет: Zakon.kz
Алматыда 27 шілдеден бастап 29 шілдеге дейін Манас көшесіндегі жол учаскесінде орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
27 шілдеде сағат 23.00-ден 29 шілдеде сағат 07.00-ге дейін Абай даңғылынаң Жамбыл көшесіне дейінгі учаскеде қозғалыс жабылады.
Сурет: Алматы қалалық әкімдігі
Жөнделетін учаскеде ескерту белгілері, мердігер ұйым басшысының байланыс ақпараты жазылған стендтер қойылады.
Бұған дейін Алматыда Әуезов ауданында жылу желілерінде жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін Алтынсарин даңғылындағы учаскелердің бірінде жол жүру ішінара жабылатыны хабарланған.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript