1 тамызда еліміздің 12 облысында аптап ыстық болады деп болжанады

Ауа райы болжамы, Қазақстан, 1 тамыз, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.07.2024 18:43 Сурет: pexels
"Қазгидромет" мемлекеттік метеорологиялық қызметі 2024 жылдың 1 тамызы, бейсенбі күні Қазақстан аумағы бойынша ауа райының жалпы болжамын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Синоптиктердің мәліметінше, атмосфералық фронтальды бөліктердің жылжуына байланысты Қазақстанның басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипатын сақталады: найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Тек еліміздің оңтүстігінде, шығысында және орталығында ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша ортақ тән табиғи құбылыс: желдің екпін алуы. Еліміздің солтүстігінде түнде және таңертең тұман болады деп күтіледі.

"Күндіз Алматы, Атырау, Қызылорда, Павлодар, Қарағанды, Ақмола, Жамбыл, Ұлытау, Жетісу облыстарында, Қостанай, Абай облыстарының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының оңтүстік-шығысында қатты ыстық болады", делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Жамбыл, Алматы, Қарағанды, Ұлытау, Жетісу, Абай облыстарында, Ақтөбе облысының оңтүстік-шығысында, оңтүстігінде, орталығында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, батысында, Павлодар облысының оңтүстік-шығысында өрт қаупі жоғары болатыны хабарланады.

"Маңғыстау, Қызылорда Түркістан облыстарында, Атырау өңірінің оңтүстігінде, Қостанайд облысының оңтүстігінде, Алматы, Ұлытау облыстарының батысында, Жетісу облысының оңтүстік-шығысында, Жамбыл облысының солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, Абай облысының орталығында төтенше өрт қаупі сақталады", деп хабарлайды "Қазгидромет".

Тамызда ауа райы қандай болатынын мына арадан білуге болады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: