Жаңалықтар тізбегі
0

Павлодарда Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының бәйге жарысына іріктеу басталады

Павлодарда Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының бәйге жарысына іріктеу басталады, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.08.2024 17:22 Сурет: "Бәйге федерациясы" РҚБ
Биылғы қыркүйекте Астанада өтетін 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында 3 тамызда Павлодарда бәйге жарысынан қатысушалардың бірінші іріктеуі өтеді.

Жүлде қоры 24 900 000 теңгені құрайтын жарыс құнан бәйге, топ бәйге, аламан бәйге мен жорға жарыс сияқты 4 түр бойынша өтеді.

"Бәйге федерациясы" РҚБ, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.08.2024 17:22

Сурет: "Бәйге федерациясы" РҚБ

Шара серіктестері - Бәйге федерациясы республикалық қоғамдық бірлестігі, Палодар облысының әкімдігі, Ұлттық спорт қауымдастығы.

"Бәйге федерациясы" РҚБ, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.08.2024 17:22

Сурет: Сурет: "Бәйге федерациясы" РҚБ

"Қазір бәйгеден Қазақстан командасын жасақтау процесі жүріп жатыр. 3 және 11 тамызда Павлодар мен Алматы қалаларында іріктеу өтеді. Солардың нәтижесі бойынша 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының бәйге жарысына Қазақстаннан қатысатын жылқылар анықталады. Астанадағы Көшпенділер ойындарының бәйге жарысына шамамен 10 елдің өкілдері қатысады деп күтіліп отыр. Олардың қатарында Моңғолия, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Әзербайжан, Ресей Федерациясы мен басқалар бар". "Бәйге федерациясы" РҚБ вице-президенті Жомарт Сайболатов
"Бәйге федерациясы" РҚБ, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.08.2024 17:22

Сурет: "Бәйге федерациясы" РҚБ

Еске салсақ, республикалық бәйге федерациясы Ұлттық спорт қауымдастығының құрамына кіреді. Сонымен қатар Қауымдастық құрамында көкпар, аударыспақ, садақ ату, жамбы ату, теңге ілу, құсбегілік, асық ату, "JORYQ" және т.б. федерациялар бар. Қауымдастықты белгілі кәсіпкер, меценат, Altyn Qyran Foundation қоғамдық қоры қамқоршылық кеңесінің төрағасы Исламбек Салжанов басқарады.

Павлодарда Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының бәйге жарысына іріктеу басталады, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.08.2024 17:22

Сурет: "Бәйге федерациясы" РҚБ

Ипподром мекенжайы: Павлодар қаласы, Солтүстік өндірістік аймақ, 45

Өткізу уақыты: 3 тамыз, сағат 15.00.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: