Атырауда бірнеше тұрғынның атына заңсыз несие рәсімдеген күдікті ұсталды

Атырауда бірнеше тұрғынның атына заңсыз несие рәсімдеген күдікті ұсталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.08.2024 12:58 Сурет: polisia.kz
Атырауда бірнеше тұрғынның атына заңсыз несие рәсімдеген күдікті ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атырау облысы ПД криминалдық полиция басқармасының киберқылмысқа қарсы күрес тобының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында бірнеше тұрғынның атынан банк қосымшасы арқылы 7 млн теңгеге жуық несие рәсімдеп, заңсыз иемденген 36 жастағы күдіктіні ұстады.

Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты алаяқтық дерегімен қылмыстық іс қозғалып, қамауға алынды. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: