Атырау облысында суға батып кеткен қыздың денесі табылды

Атырау облысында суға батып кеткен қыздың денесі табылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.08.2024 12:58 Сурет: unsplash
Атырау облысында құтқарушылар 1 тамызда суға батып кеткен қыздың денесін тапты, деп хабарлайды Zakon.kz AtyrauPress-ке сілтеме жасап.

3 тамызда сағат 18:53-те Атырау облысы ТЖД жедел-құтқару жасағының сүңгуірлерімен Атырау қаласы Құрманғазы ауылы тұсында Жайық өзенінен 2015 жылы туған қыз баланың денесі табылып, шығарылды. Су асты іздестіру-жұмыстарына 7 құтқарушы, 5 бірлік жүзу құралы, 1 бірлік техника жұмылдырылды.

2024 жылғы 1 тамызда сағат 14:40 шамасында бір үйдің екі баласы яғни, 2015 жылы туған қыз бала және 2017 жылы туған ұл бала белгісіз жағдайда суға батып кеткен. Құтқарушыларға шақырту сағат 14:53-те түсті. Іздестіру жұмыстарын құтқарушылар, полиция департаментінің қызметкерлері, жергілікті тұрғындар бірлесіп жүргізді. 1 тамыз күні сағат 16:20-да төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару жасағының сүңгуірлерімен 2017 жылы туған ер баланың денесі табылды.

2015 жылы туған қыз баланы іздестіру мақсатында төтенше жағдайлар департаментінің сүңгуірлері 1-3 тамыз  аралығында су астына 20 рет сүңгуірлік жұмыстарын жүргізіп, жалпы ауданы 6 000 шаршы метрден астам, тереңдігі 12-15 метр  көлемінде су асты іздестіру жұмыстарын жүргізді. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: