Терроризмге қарсы орталық Жамбыл облысының тұрғындарына үндеу жасады

Терроризмге қарсы орталық Жамбыл облысының тұрғындарына үндеу жасады, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.08.2024 20:20 Сурет: akorda.kz
Ертең, 7 тамызда Жамбыл облысы Байзақ ауданы Сарыкемер ауылының аумағында терроризмге қарсы Байзақ аудандық жедел штабымен "Сарыкемер-Антитеррор-2024" оқу-жаттығуы өткізіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Терроризмге қарсы орталықтың мәліметінше, аталған іс-шараның мақсаты - құқық қорғау және арнайы органдардың күштері мен құралдарының террористік сипаттағы түрлі қауіп-қатерлерге қарсы тұру деңгейін тексеру.

"Осыған байланысты аудан тұрғындары мен қонақтары жүргізіліп жатқан оқу іс-шараларына, автокөлік пен халық қозғалысының ықтимал уақытша шектеулеріне түсіністікпен қарап, қауіпсіздік шараларын сақтауға және мемлекеттік органдар қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауға шақырылады", - делінген хабарламада.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: