Жаңалықтар тізбегі
0

Павлодарда сот басынан балтамен ұрып, кісі өлтірген адамды психикалық ауру деп таныды

Павлодарда сот басынан балтамен ұрып, кісі өлтірген адамды психикалық ауру деп таныды, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.08.2024 22:24 Сурет: Zakon.kz
Павлодарда сот адам өлтірген азаматты психикалық ауру деп таныды. Ол өз үйінің ауласында жәбірленушінің басынан бірнеше рет балтамен ұрған, деп хабарлайды Zakon.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

6 тамыз күні облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты адам өлтіру фактісі бойынша істі қарады. 

"2024 жылғы 29 наурызда Павлодар қаласы  М. Жүсіп көшесіндегі жеке үйінің ауласында жүрген Д., өз іс-әрекетінің қоғамға қауіпті сипатын ұғына алмай, есі дұрыс емес болып Д.К.-ның басынан балтамен бірнеше рет ұрған, оның салдарынан соңғысы сол жерде қайтыс болған. Психиатриялық сараптаманың қорытындысымен Д.-ның ақыл-есі дұрыс емес деп танылды", - дейді соттың баспасөз орталығында.

Жауапкер қоғамға қауiптi іс-әрекеттi жасаған уақытта есi дұрыс емес күйде болған, яғни созылмалы психикалық ауруы, психикасының уақытша бұзылуы, ақыл-есінің кемдігі немесе психикасының өзге де дертке ұшырауы бар деп танылды. Осының салдарынан ол өзінің әрекеттерiнiң iс жүзiндегi сипаты мен қоғамға қауiптiлiгiн ұғына алмаған немесе оларға ие бола алмаған. Сол себепті қылмыскер Қылмыстық кодекстің 16-бабының 1-бөлігіне сәйкес қылмыстық жауаптылыққа жатпайды.


"Сот істің барлық мән-жайын зерттеп, Д.-ны ҚК 99-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатты және  Алматы облысы Талғар кентіндегі жабық психиатриялық стационарлық ауруханада медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолданды", - делінген соттың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: