Түркістан облысында автобус мотоциклді таптап өтті

Түркістан облысында автобус мотоциклді таптап өтті, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.08.2024 21:39 Сурет: видео скрині
Түркістан облысында бағдаршамға бағынбаған автобус мотоциклді таптап өтті. Қайғылы жағдай көшедегі бақылау камерасына түсіп қалған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жол апаты Сарыағаш қаласында болды.

КТК телеарнасының хабарлауынша, спорттық мотоцикл тізгіндеген азамат жол қиылысында тұрған. Бағдаршамның жасыл түсі жанған кезде жылдам қозғалған мотоцикл жүргізушісі қызыл түске жүйткіп өтпекші болған автобустың астында қалды.

Соғылған күйі бірнеше метрге сүйрелген 37 жастағы мотожүргізуші сол жерде жан тапсырды.

Ал қалааралық автобус тізгініндегі азамат қамауға алынып, тергеліп жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: