Жаңалықтар тізбегі
0

5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: елордалық көкпаршылар шеберлік дәрісін өткізді

5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: елордалық көкпаршылар шеберлік дәрісін өткізді, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.08.2024 16:15 Сурет: gov.kz
Қазақстан үшін 2024 жылдағы басты спорттық бәсекелердің бірі – Париж Олимпиадасы болса, екінші кезекте – V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары. Астана қаласында өтетін халықаралық шараға әлемнің 89 елінен спортшылар келеді.

1 ай ғана уақыт қалған доданы қоғам арасында кеңінен таныту үшін еліміздің барлық өңірінде "Бірлік керуені" атты топ құрылды. Бұл топқа арнайы іріктелген 10 спорттағы қайраткерлер, журналистер кірді. Міне, бүгін осы көшпенділер ойынының бағдарламасына кіретін спорттарды насихаттау мақсатында көкпардан шеберлік дәрісі өтті.

5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: елордалық көкпаршылар шеберлік дәрісін өткізді, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.08.2024 16:15

Сурет: gov.kz

"Көкпар – қазақтың байырғы заманнан келе жатқан ұлттық спорттың түрі. XXI ғасыр жаһандану кезеңімен тұспа-тұс келгенімен, ұлттық дәстүріміз де ақырындап ұмытылып барады. Күзде алғаш рет ұйымдастырылатын V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының да маңызы зор. Кей адамдар үшін бұл жүлде жиынтығы сарапқа салынатын қарапайым ғана жарыс болса, біз үшін бұл ата-бабамыздан қалған дәстүрімізді жаңғырту, келешек ұрпаққа айтып қана қою ғана емес, іс-жүзінде көрсету деп білемін. Бұнымен шектелмейміз. Алдағы күндері атқа отыру, асық ату т.б спорт түрлерінен де шеберлік дәрісі өткізіледі", — деді Астана қаласының көкпардан жаттықтырушысы Ерлан Қанапин.
5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: елордалық көкпаршылар шеберлік дәрісін өткізді, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.08.2024 16:15

Сурет: gov.kz

Айта кетейік, 2017 жылдан бастау алған Дүниежүзілік көшпенділер ойыны елордамызда 8-13 қыркүйек аралығында өтеді. Сондай-ақ, "Бірлік керуені" жобасы еліміздің барлық аймағында ұйымдастырылуда.

Көшпенділер мәдениетінің негізінде құрылған "Бірлік Керуені" 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын республика көлемінде сезінуге мүмкіндік береді дейді ұйымдастырушылар.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: