Алакөлдегі демалыс аумағындағы үйлердің бірінде өрт шықты

Алакөлдегі демалыс аумағындағы үйлердің бірінде өрт шықты, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.08.2024 13:46 Сурет: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі
Жетісу облысының өрт сөндірушілері демалыс аймағындағы өртті сөндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, Алакөл ауданы Ақши ауылында демалыс аумағындағы үйлердің бірінде өрт шықты.

Құтқарушылардың жедел іс-қимылының арқасында 400 ш.м. аумақтағы өрт толығымен сөндірілді.

Зардап шеккендер жоқ, себебі анықталып жатыр.

"Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалыңыз!", - деп ескертті ведомство.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: