Жетісу облысында ірі мөлшерде есірткі сақтаған күдікті ұсталды

Жетісу облысында полиция ірі мөлшерде есірткі сақтаған күдіктіні құрықтады, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.08.2024 20:16 Сурет: polisia.kz
Жетісу облысында полиция ірі мөлшерде есірткі сақтаған күдіктіні құрықтады. Ұсталған адам радикалды діни идеологияның жақтаушысы болып шықты, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде облыстық прокуратураның үйлестіруімен облыстық полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есірткі заттарын аса ірі мөлшерде сақтады деген күдікпен 49 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. 

Күдіктінің тұрғылықты жері бойынша тінту іс-шараларын жүргізу кезінде құқық қорғау органдары есірткі заттарының едәуір мөлшері алынды.

Сонымен қатар өсірілген қарасора бұталары тәркіленді.


Сараптама қорытындысына сәйкес, кептірілген марихуананың жалпы салмағы 3 келі, кептірілмегені – бір келіден асады.

Қазіргі уақытта ер адам қамауға алынды, тергеу әрекеттері жалғасып жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: