15 қыркүйектен бастап балаларды қашықтықтан оқытуға жібереді ме - санитарлық дәрігерлердің жауабы

Дистанционное обучение, удаленное обучение, учеба на дому, онлайн-обучение, дистанционная, школьники, обучение из дома , сурет - Zakon.kz жаңалық 23.08.2024 14:38 Фото: pexels
Қазнетте 2024 жылдың қыркүйек айының ортасынан бастап балаларды қашықтықтан оқытуға жібереді, ал мекемелерде Маска режимі енгізіледі деген ақпарат пайда болды. Бұған ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінде жауап берілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ақпаратынша, мессенджерлерде 15 қыркүйектен бастап балаларды қашықтықтан оқытуға жібереді және мекемелерде бетперде режимі енгізіледі деген ақпарат шындыққа жанаспайды.

"Жыл сайын эпидемиялық маусым кезеңінде профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шараларды өткізуді көздейтін ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысы бекітіледі. Қаулыға сәйкес, ағымдағы жылдың 15 қыркүйегінен бастап тұмауға қарсы вакцинация жүргізу басталады. Бетперде режимі тек медициналық ұйымдардың қызметкерлері үшін енгізіледі",- деп нақтылады.

Ведомство қаулымен толығырақ ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің сайтында мына сілтеме бойынша танысуға болатындығын атап өтті.

"Барлық азаматтарды ресми ақпарат көздеріндегі сенімді ақпаратқа сенуге шақырамыз". Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті

15 тамызда Тоқаевтың олимпиадашылармен кездесуі кейінге шегерілді. Оған себеп, спортшыларға қойылған COVID-19 диагнозы.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: