Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда Жандосов көшесінің бір бөлігі біраз уақытқа жөндеуге жабылады

Алматыда Жандосов көшесінің бір бөлігі біраз уақытқа жөндеуге жабылады, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.08.2024 17:43 Сурет: pixabay
Алматыда Жандосов көшесінің бір бөлігіне орташа жөндеу жүргізуге байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

24 тамыз сағат 23:00-ден 26 тамыз сағат 07:00-ге дейін Яссауи көшесінен Шәймерденов көшесіне дейінгі аумақта қозғалыс жабылады. 

Бұл аумақты шығыс бағытта Яссауи және Шаляпин көшелері арқылы, ал батыс бағытта Шәймерденов, Бекет Ата Мырзағұлұлы, 7-ші желі көшелері арқылы айналып өтуге болады.

Ал 25 тамыз сағат 23:00-ден 27 тамыз сағат 07:00-ге дейін Шәймерденов көшесінен Саин көшесіне дейінгі аумақта көлік қозғалысы шектеледі. 

Алматыда Жандосов көшесінің бір бөлігі біраз уақытқа жөндеуге жабылады, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.08.2024 17:43

Сурет: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

"Аталған аумақты шығыс бағытта Шәймерденов, Бекет Ата Мырзағұлұлы, Мусин көшелері, ал батыс бағытта Саин, Шаляпин, Яссауи көшелері арқылы айналып өтуге болады. Жөнделетін аумақта ескерту белгілері, мердігер ұйым басшысының байланыс нөмірі жазылған стендтер қойылады. Маршрутты алдын ала жоспарлауды сұраймыз", - делінген хабарламада.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: