Алматы облысында полицейлер "синтетика" өндіретін есірткі зертханасын жойды

Алматы облысында полицейлер "синтетика" өндіретін есірткі зертханасын жойды  , сурет - Zakon.kz жаңалық 24.08.2024 13:53 Сурет: polisia.kz
Алматы облысының полицейлері Қарасай ауданының аумағында кезекті есірткі зертханасын анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Үйдің ауласын тінту барысында белгілі бір иісі бар ақ ұнтақты сұйық ыдыстар мен полимерлі қаптар, сондай-ақ синтетикалық есірткі жасауға қажетті реактивтер мен заттар табылды. 

Сурет: polisia.kz

"Есірткіге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен 27 жастағы ер адам ұсталды. Жауап алу кезінде ол жоғары ақы төленетін жұмысты Telegram-каналы арқылы тапқаны белгілі болды. Жүргізілген сараптама нәтижесінде алынған заттардың салмағы 10 келіден асатын сұйық түрдегі мефедрон, ұнтақ түрінде шамамен 150 гр, сондай-ақ синтетикалық есірткіні өндіруге арналған 30 литр прекурсорлар мен 80 келі "бром" улы зат екенін көрсетті", - деді Алматы облысы полиция департаментінің бастығы Бауыржан Әленов.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: