Жаңалықтар тізбегі
0

"Көңілім орнына түсті": көп балалы отбасы бес баласының да атына AQYL депозитін ашты

"Көңілім орнына түсті": көп балалы отбасы бес баласының да атына AQYL депозитін ашты, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.08.2024 09:05 Сурет: "Отбасы банк" АҚ
Әрбір саналы ата-ана баласы дүниеге келген күннен бастап болашағының қамын жейді. Ал Еуропа елдерінде баяғыдан бері әке-шешесі баласы туыла салысымен оның атына депозит ашып қоятын қаржылық тәжірибе бар. Қазіргі таңда осы үрдіс Қазақстанда да кеңінен танымал бола бастады.

Біздің елімізде 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап "Ұлттық қор – балаларға" атты тамаша жоба ресми жұмыс істей бастағаны белгілі. Ендігі жерде жыл сайын Ұлттық қордың инвестициялық табысының 50%-ы БЖЗҚ-да 18 жасқа дейінгі балалардың арнаулы шоттарына аударылып жатыр.

2024 жылдың өзінде Қазақстанның 6 919 131 кішкентай азаматы Ұлттық қордан өздерінің шоттарына алғашқы төлемдерін алды. Бұл тек алғашқы төлемдер ғана. Жеткіншектеріміз 18 жасқа толғаннан кейін осы мақсатты жинақтарын тұрғын үй/ немесе білім алуға жұмсай алады.

Міне, "алғашқы қарлығаштар" да көрінді. 2024 жылдың жеті айында "Ұлттық қор – балаларға" жобасының құзырлы операторларының бірі – "Отбасы банк" АҚ-ға 16 263 өтініш түскен. Оның ішінде қазірдің өзінде 6 764 өтініш бойынша тұрғын үй жағдайын жақсартуға, 1704 өтініш бойынша оқу ақысын төлеуге қаражаты жіберілді.

Ең қызығы, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасына қатысушылардың көпшілігі қазірдің өзінде Отбасы банкінен AQYL білім депозитін ашып алған. Келешекте олар Ұлттық қордағы жинақтарын осы депозитке қосып, оқу ақысын төлеуге қомақты қаражат ала алады.

Дәл осындай қаржылық қадамды Алматы облысының тумасы Құралай Нұрпейісова да таңдап отыр. Ол Отбасы банктен бес баласына да AQYL депозитін ашқан. Бүгінде үлкен ұлы Қуат 14 жаста болса, қазірдің өзінде оның депозитінде бірнеше жүз мың жинақталып үлгерген.

"Күйеуіміз екеуміз ұлымыздың атына депозит ашқан кезде 20 000 теңге салған едік. Банктің үстемақысы жаман емес, оған қоса бізге көпбалалы отбасы ретінде жылына 7% мемлекеттік сыйақы қосылады. Ай сайын депозитті толықтырып отырамыз. Қарап отырсақ, ұлымның шотында әжептәуір ақша жиналып қалыпты",- дейді Құралай.

Ал Отбасы банктің кеңесшісі Қуат мектеп бітіргенге дейін AQYL депозитінде шамамен екі миллион теңгедей қаражат жиналатынын айтады. Осы екі миллиондай теңгеге "Ұлттық қор – балаларға" жобасының жинағын қосуға болады.

Мұндай жағдайда қолдағы осынау қаражат аграрлық бағыттағы университеттің оқу ақысын төлеуге жетеді, өйткені Қуат фермер болғысы келеді.

Айтқандай, бұл жерде аса қызықты тағы бір кілтипан бар.

"Депозитте жинақтаған қаражат бізге қажет болмай қалатынына үміт артамын. Ұлым сабағын үздік оқиды, аграрлық инстутта білім алуды бала кезінен армандап жүргендіктен, грант алуға деген барлық талпынысын көріп отырмын. Оның үстіне біз осы ЖОО-да басым санатқа – көп балалы отбасы және ауыл тұрғындары деген артықшылықтарға иеміз", – дейді анасы.

Егер Қуат грантпен оқитын болса, онда депозиті не болады?

Салымшы немесе оның заңды өкілі заңнамаларға сәйкес, AQYL депозитіндегі қаражатын мемлекеттік сыйақыларымен қоса алуға құқы бар.

"Қуат – жауапкершілігі өте жоғары бала. Ол маған: "Мама, егер мен грантқа түсетін болсам, онда депозиттегі ақшамды бауырларыма бөліп беремін" дейді. Бірақ біз бұл қаражатқа Қуатқа арнап үй саламыз ба деп ойлап қоямыз", – деп отыр Құралай Нұрпейсова.

Айтқандай, біз Қуаттың отбасындағы ең үлкен бала екенін айтуды ұмыта жаздаппыз. Одан бөлек Нұрпейісовтердің отбасында тағы төрт бала – 10, 8, 7 жастағы ұлдары мен 1,5 жасар қыз бала өсіп келеді.

Құралай мен жолдасы Жангелді барлық балаларына AQYL депозитін ашқан.

"Осы депозиттерді аз-аздан, шама-шарқымыз келгенше толықтырып отырмыз. Дегенмен, депозит өте ұзақ мерзімді болғандықтан, ай сайын 10 мың теңгеден салып отырған күннің өзінде ол жүздеген мыңға айналады. Осыны білгенде, көңіліміз тоғайып қалады, – дейді Құралай Нұрпейісова.

Ал жыл өткен сайын "Ұлттық қор – балаларға" жобасының төлемдері көбейе түседі деген болжам бар. Бұл Ұлттық қордағы активтердің есебінеy және инвестициялық табыстың арқасында жүзеге аспақ. Мұнан да бөлек, жинақталып жатқан қаражат Ұлттық қордың валюталық активтерінің құрамында инвестициялануын жалғастыра беретіндіктен, бағдарлама қатысушылары – балаларға 18 жасқа толғанға дейін қосымша инвестициялық табыс әкеледі.

Осылайша, "Ұлттық қор – балаларға" және Отбасы банктен ашылған AQYL білім депозиті сында екі бірдей жоба – барша кішкентай отандастарымыздың сапалы жоғары білім алу туралы арманын нақты жүзеге асыра алады.

"Ұлттық қор – балаларға" жобасы туралы толығырақ білу үшін мына сілтемеге өтіңіз: https://sp.zakon.kz/2023/otbasy/kids/#ru

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: