Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда балалардың жарақаттануы мен негізгі өлім себептері аталды

Дети у окна, окно, выпал из окна, , сурет - Zakon.kz жаңалық 26.08.2024 16:37 Фото: freepik
ҚР ДСМ Ана мен бала денсаулығын сақтау департаментінің директоры Мағрипа Ембергенова 2024 жылғы 26 тамызда ОКҚ алаңында Қазақстанда балалардың жарақаттануы мен негізгі қайтыс болу себептерін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, жыл сайын Қазақстанда жарақат алған 200 мыңға жуық бала тіркеледі.

"Оның ішінде балалардың 1,2% өмір бойына мүгедек болып қалады. Жағдайлардың 70%-ы үйде орын алады, балалардың 20%-ы өмірге сәйкес келмейтін жарақаттардан қайтыс болады. Мүгедек болып қалу мен түрлі себептерден болатын өлім-жітімнің алдын алуға болады",- деді Мағрипа Ембергенова.

Ол сондай-ақ, балалар арасында байқаусызда жарақаттанудың басты себептері — жол-көлік оқиғалары, суға бату, улану, құлау, термиялық күйік алу екенін айтты.

"Бұл ретте ЖКО түрлі себептерден болатын өлімнің төрттен бір бөлігін құрайды. Балалар арасындағы өлім-жітімнің себептерінің ішінде суға бату екінші орында. Ата-аналар арасында жүргізілген таңдамалы зерттеу суда болған кезде балалардың жартысына жуығы жүзуге арналған қауіпсіздік құралдарын пайдаланбайтынын көрсетті: құтқару кеудешелерін, белбеулер мен жеңдерді", — деді Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі.

Сонымен қатар спикер балалардың терезеден құлау жағдайларының саны өскенін атап өтті: соңғы үш жылда 1,6 есеге.

"Осы жылдың 6 айында терезеден 223 бала құлаған, оның 12-сі көз жұмды".Мағрипа Ембергенова

26 тамызда Оралдық дәрігерлер терезеден құлап кеткен екі жасар қыздың хәлі туралы ақпарат берді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: