Қазақстандық талапкерлерге қосымша гранттар тағайындалды
Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі қосымша білім беру гранттарын тағайындады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Министрліктің ақпаратынша, білім беру гранттары белгіленген тәртіппен, конкурс негізінде, ең жоғары ҰБТ баллдарына ие болған үміткерлерге білім беру бағдарламаларының тиісті топтарына сәйкес белгіленді.
"Барлық грант иегерлері жоғары оқу орындарына қабылдану үшін барулары қажет",- делінген ведомство хабарламасында.
Жаңа грант иегерлерінің тізімі 28 тамызға қараған түні Қазақстанның ғылым және жоғары білім министрлігінің Telegram-арнасында жарияланды.
Сурет: ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі
Бұған дейін Алматыда жаңа оқу жылының басына қарай жаңартылған серуендеу аймағы пайда болатындығы хабарланды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript