"Рахман қайнары" мемлекеттік органдардың балансына берілді

"Рахман қайнары" мемлекеттік органдардың балансына берілді, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.08.2024 11:42 Сурет: Instagram/rahmanovskie_kluchi
Электрондық сауда алаңында "Рахман қайнары" шипажайын мемлекеттік органдардың балансына беру бойынша сауда-саттық өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

ШҚО әкімдігінің ақпаратынша, сауда-саттық нәтижесінде шипажай Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының балансына берілді.

"22 тамызда сауда-саттық өтті. Бүгінгі таңда нысанды қабылдауға мемлекеттік органдардан құралған комиссия барды. Шипажайды шетелдік компанияларға беру жоспарда жоқ", — деп атап өтті ШҚО кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Ардақ Мәдиев.

"Рахман қайнары" шипажайы 1964 жылы ашылған. Негізгі емдік фактор — ауруларды емдеу үшін қолданылатын минералды радон сулары.

Бұған дейін елордада ер адам бұрынғы әйелінің үйінен тұрмыстық техника ұрлағаны белгілі болды. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: