Жаңалықтар тізбегі
0

Ұлттық Банк басшысы: базалық ставканы 2024 жылдың аяғына дейін өзгеріссіз қалдыруға себеп болатын алғышарттар

Ұлттық банк, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.08.2024 18:45 Фото: Ұлттық банктің баспасөз қызметі
2024 жылғы 29 тамызда өткен брифингте Ұлттық Банктің Төрағасы Тимур Сүлейменов базалық ставканы 14,25% деңгейінде қалдыру туралы шешім неліктен қабылданғанын түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық Банк бұл шешімді бүгін жариялады. Ол нақты деректер мен тәуекелдер балансына жүргізілген талдау негізінде қабылданғаны және инфляция деңгейі мен экономика өсіміне қатысты жаңартылған болжамдармен нақтыланғаны айтылды.

"2024-2025 жылдардағы инфляция 7,5-9,5% және 5,5-7,5% болады деген болжам өзгеріссіз қалады. 2026 жылғы болжам қайта қаралып, 5-7%-ға түзетілді. Мұның негізгі себебі – салық заңнамасын реформалау аясында фискалдық параметрлер белгісіз болып отыр... Сонымен қатар, қалыпты қатаң ақша-кредит саясаты 2026 жылы базалық инфляцияның 5%-ға дейін баяулауына ықпал етеді", - деп сендірді Ұлттық Банк басшысы.

Ол жұмсарған ақша-кредит ахуалы ставканы одан әрі төмендетуге мүмкіндік бермейтінін айтты.


"Жаңарған болжамдар тәуекелдер балансының инфляция жаққа қарай ығысқанын көрсетеді, бұл базалық ставканы 2024 жылдың аяғына дейін қазіргі деңгейде сақтаудың алғышарты болып отыр", - деп түйіндеді Тимур Сүлейменов.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: