Алматыда Конституция күніне орай мерекелік концерт өтеді

Мерекелік концерт, Алматы, Конституция күні, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.08.2024 09:57 Сурет: Zakon.kz
Алматыда 30 тамызда сағат 19:00-де Абай атындағы алаңда Республика сарайының алдында мерекелік концерт өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы қаласы әкімдігінің хабарлауынша, 30 тамызда сағат 19:00-де Абай атындағы алаңда Республика сарайының алдында "Ата заң – Тәуелсіздік тірегі" атты үлкен концерт өтеді. Қала тұрғындары мен қонақтары ашық аспан астында үлкен экранда Конституция қабылданған сәттен бастап тарихи кадрларды көреді, сондай-ақ қазақстандық эстрада артистерінің орындауындағы танымал композицияларды тыңдай алады.

Концертте Роза Рымбаева, Бүркіт пен Айша, ADAM, TURAR, Қуандық Рахым, Ғаділбек Жанай, Диана Исмаил, Төлеген Рахымбаев, JCS, NAZAR топтары және т.б. өнер көрсетеді.

Сонымен қатар, бағдарламада аспаптық музыкаға негізделген Hassak этно-фольклорлық ұжымы мен Алдаспан тобының адамды баурайтын әсерлі қойылымы қойылады.

Айта кетсек, Қазақстанда 30 тамызда жыл сайын Ата- заң - Конституция күні атап өтіледі.

30 тамызда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын, әдеттегідей Конституция күнімен құттықтады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: