30 тамызда еліміздің үш қаласында ауа сапасы нашарлайды

Қолайсыз ауа райы, Алматы, Атырау, Ақтөбе, 30 тамыз, ауа сапасы, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.08.2024 10:17 Сурет: pexels
30 тамызда Қазақстанның үш қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай тіркелді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК баспасөз қызметінің хабарлауынша, жұмада, 30 тамызда Алматы, Атырау және Ақтөбе қалаларында ауа сапасы нашарлайды.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында қала тұрғындарына мыналар ұсынылады:

  • ашық ауада, әсіресе магистральдардың немесе тас жол бойында жүруден аулақ болу;
  • балалар мен жүкті әйелдерге ұзақ серуендеуге кеңес берілмейді;
  • өкпенің созылмалы аурулары, жүрек-қан тамырлары аурулары және аллергиялық аурулармен ауыратын адамдар көшеде жүргенде өздерімен бірге дәрі-дәрмектерді алып жүруі керек;
  • ашық ауада физикалық белсенділікті шектеңіз;
  • дене шынықтыру және спорттық іс-шаралар жабық спорт кешендерінде жүргізілуі керек.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: