Жаңалықтар тізбегі
0

"Депутат, шенеунік, әнші, мүфти". Түркістан облысының "Құрметті азаматы" атағына төрт адам ие болды

Нұрлан Өнербаев, Конституция күні, Түркістан облысының "Құрметі азаматы", марапаттау рәсімі, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.08.2024 11:12 Сурет: видеодан алынды
Түркістанда Қазақстан Республикасының Конституция күніне арналған "Айбары мықты – Ата Заң" іс-шарасы барысында бірқатар азаматтар марапатталды. Соның ішінде Түркістан облысының "Құрметті азаматы" атағы үш адамға берілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Түркістан телеарнасының хабарлауынша, "Конгресс холл" көпсалалы кешенінде өткен іс-шарада өңір басшысы Дархан Сатыбалды бірқатар азаматтарға мемлекеттік және қоғамдық қызметке сіңірген еңбегі, облысымыздың әлеуметтік экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан азаматтарға Түркістан облыстық мәслихатының 2024 жылғы 17 шілдедегі шешіміне сәйкес, Түркістан облысының "Құрметті азаматы" атағын тапсырды:

  • "Анашым", "Әке арманы", "Қарағым-ай", "Ауылым" әндерімен күллі қазақ даласын тербеген, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Дарын мемлекеттік сыйлығының иегері – Нұлан Өнербаев Түркістан облысының "Құрметті азаматы" атағын иеленді.
  • Қазақстан Республикасының өркендеуіне елеулі үлесін қосқан, Түркістан облысының экс-әкімі – Шөкеев Өмірзақ Естайұлы Түркістан облысының "Құрметті азаматы" атағын алды.
  • Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты – Иса Қазыбек Жарылқасынұлы Түркістан облысының "Құрметті азаматы" атанып, алқалы жиында зор қошеметке бөленді.
  • Қазақстан мұсылмандарының тұңғыш бас муфтиі, Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясының құрметті профессоры, белгілі ғалым – Рәтбек қажы Нысанбайұлы облысымыздың "Құрметті азаматы" атағына ие болды.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: